Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы - Ректоры


 

Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы

Филология ғылымдарының кандидаты

Туған жылы: 02.08.1972 ж.

Туған жері: Алматы облысы Райымбек ауданы, Шырғанақ ауылы

Оқу орнының атауы және бітірген жылы: 1989 жылы орта мектепті күміс медалмен бітірген. Осы жылы Қазақ Қыздар педагогикалық институтының «Қазақ мектебіндегі орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша филология факультетіне түскен. 1994 жылы аталған институтты үздік бітіріп, аспирантураға түсті.
Мамандық бойынша біліктілігі: Қазақ мектебіндегі орыс тілі және әдебиеті

Ғылыми атағы: Филология ғылымдарының кандидаты
2006 жылы «Орыс тілі» мамандығы бойынша «Заманауи саясаткердің тілдік тұлғасы (орыс тілді басылымдардың материалдары бойынша)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

Біліктілікті жоғарылату:
2014 жыл – Вашингтон, АҚШ, «Marshall Cavendish Education» біліктілікті жоғарылату курсы
2015 жыл – Франция, Centre international d’etudes pedagogiques/ Departement langue franҫaise
2016 жыл – Қазақстан Астана қ. ҚР ҚМ «Қаржылық сауаттылық және қатынас медиа-менеджменті»
2018 жыл – Финляндия, Hame University of Applied Sciences. Professional Development Course: Management of Educational Organizations in the era of Digitalization and the 4th lndustrial Revolution

2019 жыл 16-22 маусымОңтүстік Корея,Сеул Орталық Корейтану академиясы. Оқу басылымдары мамандарына арналған тәжірибелік семинар

Еңбек жолы:
1995-2003 жылдары Қазақ Қыздар педагогикалық институты филология факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы лауазымында қызмет атқарды.
2003-2008 жылдары Алматы үздіксіз білім беру университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарды.
2008-2011 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті колледжінің директоры лауазымында қызмет атқарды.
2011-2019 жылдары Б.С.Кәрімова Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» директоры болып қызмет атқарды.
2020 жылдың қаңтар айының 5 жұлдызынан бастап «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК –ның ректоры.
01.07.2020 жылдан бастап «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта құрылуына байланысты «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы – ректор м.а. болып тағайындалды.
2020 жылдың желтоқсан айынан бастап «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕ АҚ Басқарма Төрағасы-Ректор болып тағайындалды.
2021 жылдан бастап Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты.

Б.С.Кәрімова басшылық лауазымында тіл білімі, оқулықтану және оқу басылымдары, жоғары білім салалары бойынша ғылыми зерттеулермен айналысуда.

Ғылыми еңбектері:
Тіл білімі, салыстырмалы грамматика, қазақстандық саясаткердің тілдік тұлғасы және оқулықтану мәселелеріне арналған 80-нен аса ғылыми еңбектері мен монография, сөздіктер жарық көрді.
2012-2014 жылдары Б.С. Кәрімова «Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың алғышарты ретінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесіне арналған оқу басылымдарын әзірлеудің теориялық-әдіснамалық негіздері» тақырыбындағы іргелі ғылыми зерттеу жобасына жетекшілік жасады. Жоба аясында Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық дамуы контексінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесіне арналған оқу әдебиеттерін жобалаудың тұжырымдамалық тәсілдемелері, қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары зерттелді.
2015-2017 жылдары «Қазақстанда көптілдік саясатын жүзеге асыру шарты ретінде педагогикалық кадрлардың тілдік құзіретін қалыптастыру» іргелі ғылыми-зерттеу жобасын орындауға қатысты.
2018-2020 жылдарға ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша «Жаһандандандыру жағдайындағы Қазақстанның БАҚ және олардың рухани жаңғыруға тигізетін ықпалы (лингвистикалық аспект)» тақырыбындағы гранттық ғылыми-техникалық жобасында жетекші ғылыми қызметкер ретінде қатысты.

Б.С. Кәрімова Халықаралық, Республикалық ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысып, баяндамалар жасап тұрады. Үздік шетелдік тәжірибелерді зерделеу мақсатында Америка Құрама Штаттары, Франция, Германия, Финляндия, Оңтүстік Корея және басқа мемлекеттердің ғылыми-білім орталықтарында біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

Еңбек жолында Б.С.Кәрімова өзінің ғылыми және педагогикалық біліктілігін үнемі жоғарылатуда, 100-ден аса ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбегі жарық көрген, соның ішінде «Заманауи орыс тілі. Зертханалық жұмыстар», «Орыс тілінің практикалық курсы», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Орыс тілінің жалпы курсы», «Озық оқыту: жүйелік тәсіл», «Жүйелік тәсіл негізінде оқулық мәтінін құрылымдау және зерттеу», «Дидактика», «Заманауи энциклопедиялық сөздік», «Орыс тілінің жалпы-саясаттану сөздігі» және т.б., оқулықтар мен әдістемелік құралдардың авторы.

2017 жылдан бастап есептегенде Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті тізіміндегі журналдарда 10, шетелдік Scopus, Clarivate Analytics (Thomson Reuters)индекстелетін басылымдарда 5 мақала жарық көрген. Scopus бойынша Хирш индексі – 4 (Scopus) Author ID: 7194518984, профильге сілтеме:
https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57194518984.

1. Golovchun A., Karimova B., Zhunissova M., Ospankulova G., Mukhamadi K. Content and language integrated learning in terms of multilingualism: Kazakhstani experience. Astra Salvensis, 2017, 5(10), p. 297-306.
2. Karimova B., Ongarbayeva A., Sebepova R., Aubakirova A., Mirzabekova M. Synergetic approach in trilingua education of the Republic of Kazakhstan. Opcion 2018, 34(85), p. 327-343.
3. Karimova B.S, Zhetpeisova, N.O On innovative pedagogical technologies and training methods. International Journal for Learning and Change, 2020, 12(1), p. 15-24.3. Karimova B.S, Zhetpeisova, N.O On innovative pedagogical technologies and training methods. International Journal for Learning and Change, 2020, 12(1), p. 15-24.
4. Dinis Sousa R., Karimova B., Gorlov S. Digitalization as a New Direction in Education Sphere. E3S Web of Conferences, 2020, 159, 09014.
5. Krivonogov S.K., Kenshinbay T.I., Kurmanbaev R.Kh., Karimova B.S. The key question of the Aral Sea evolution important for understanding its economic, social and ecological values. Earth Science Frontiers, vol.28, realese 6, November 2021. ISSN 10052321.

Марапаттаулар:
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы (2010ж., 2018 ж.,)
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011ж)
ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төс белгісі (2012ж)
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016ж) мерекелік медалі
Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалі (2015ж.)
«Астана қаласының 20 жылдығы» (2018ж) мерекелік медалі.