Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы - Ректоры


Менің жеке блогыма қош келдіңіздер!


Құрметті университет білім алушылары, профессор-оқытушылары мен қызметкерлері!

Құрметті сайт оқырмандары!

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университенің ресми сайтына қош келдіңіздер!

Бүгінде 85 жылдық тарихы бар іргелі оқу орны заман талабына сай дамып, еңбек нарығына қажетті кадрлар даярлап келеді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қызметіне байланысты ұсыныс-пікірлеріңізге әрдайым кері байланыс орнатуға дайынмын. Бұл алаң университет жұмысына қатысты мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасуда септігін тигізеді деп білемін.

Сіздердің ректор блогына жолдаған кез келген мәселелеріңіз назарымыздан тыс қалмайды. Біздің тарапымыздан әрдайым ашықтық және әділдік қағидасы сақталады.

Құрметпен,

Басқарма төрағасы - Ректоры

Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы