Құрметті білім алушылар және ата-аналар! Бұл білім порталында әрбір білім алушы өз қалауынша ҰБТға дайындалуға мүмкіндік жасалған. Тақырыптар параграфтарға бөлініп әрбір тақырыпқа теориялық материалдар бойынша, есептер шығару бойынша мәтіндік және видео материалдар дайындалған. Порталдың мақсаты - білім алушыға ҰБТда келетін формулалар мен сұрақтарды жаттату емес, толық қанды білім беру. Порталдағы жасанды интеллект әр бөлім бойынша, немесе әрбір параграф бойынша, білім алушының білім деңгейін және түсінбей қалған тақырыптарын анықтап сол бойынша материалдар ұсынады. Дайындалудың екі түрі бар. Біріншісі өз бетінше дайындалу, екіншісі жасанды интеллект репетиторының көмегімен дайындалу. Өз бетінше дайындалу кезінде кез келген тақырыпты ашып тексттік немесе видео материалдарды көре аласыз. Әр тақырыпқа екі деңгейлі есептер берілген. Егер бұл есептерді шығаруға қиналсаңыз толық шешімін шығару жолымен көре аласыз. Репетиторының көмегін алу үшін түсінбеген сұрағыңызды қоясыз. Бұл жағдайда жасанды интеллект сіз қойған сұрақты толық түсіндіріп береді. Әрбір парагафқа арнап 3D форматтағы демонстрациялық және зертханалық жұмыстар дайындалған. Кез келген қондырғыны жақындатып, алыстатып кез келген жағынан көре аласыз және олар зертханадағы қондырғыларға толықтай сәйкес. Аптасына бір рет міндетті түрде өз біліміңіздің деңгейін тексеріп отырасыз. Білім тексеру тест түрінде және жасанды интеллект көмегімен жасалады. Білім алушының өзі де ата анасы да білім деңгейін тексеру нәтижелерін көре алады. Тест кезінде ҰБТ сұрақтары 5 жауабымен беріліп дұрысын таңдау керек. Ал жасанды интеллект көмегімен анықтаған кезде алдын ала дұрыс жауаптары берілмейді. Сұрақ бойынша білім алушы барлық білгенін жазады. Ол жерде Word қа жазғандай формуланы да жазу керек. Сұрақтар кезегімен беріледі. Барлық сұрақтарға жауап берген соң әрбір сұрақ бойынша сараптама беріледі. Дұрыс емес, немесе толық емес сұрақтар бойынша толық жауапты көресіз. Нәтижесі сақталып кез келген кезде көре аласыз. 'Пікір қалдыру' бөлімі арқылы кері байланыс ұйымдастырылған. Ол жерде кез келген сұрақ бойынша өз пікіріңізді немесе кез келген сұрақ қоя аласыз. Сізге толық жауап беріледі. Порталда әзірге тек Физика пәнінен қазақша материалдар дайындалды. Басқа да пәннен дайындалу үстінде.